Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ салымшылары (алушылары) үшін ақпарат

«БЖЗҚ» АҚ салымшылары (алушылары) үшін ақпарат.

 

БЖЗҚ-ның негізгі міндеттері - жарналардың, қаржы құралдарының, инвестициялық табыстың дұрыс есебін жүргізу, салымшыларға олардың жинақтары туралы ақпарат беру, зейнетақы қызметтерін көрсету, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру.

БЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық ақпараттық және қаржылық ағындарының бірыңғай есеп орталығы және операторы болғандықтан, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, кастодиан банктермен, инвестициялық басқарушылармен және сақтандыру компанияларымен, салымшылармен өзара әрекеттесу барысында осы үрдістердің техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық аспектілерін қамтамасыз ете отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға белсенді түрде қатысады.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзі немесе жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне келесідей шарттардың бірі болған кезде құқығы бар:

- егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асып кетсе;

- егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін зейнетақы және ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе;

- егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында алуға болатын соманы және алу құқығының бар екеніне көз жеткізу үшін жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені тексеру қажет. Мұны enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ-ны egov.kz порталында қашықтан алуға болады) пайдалана отырып немесе БЗЖҚ дерекқорында тіркелген ЖСН мен құпиясөз арқылы мобильдік қосымшада тексеруге болады.

Қордың электрондық қызметтерін қашықтан сүйемелдеу бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша БЖЗҚ қызметкерлерінен кеңес алуға болады, байланыстар тізімі Қордың www.enpf.kz сайтында, «Байланыстар» / «Өңірлік желі» бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселері қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейтініне назар аударамыз. БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерінде қызмет алу үшін Қордың www.enpf.kz сайты арқылы «Электрондық қызмет көрсету» / «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» бөлімінде немесе БЖЗҚ қызметкерлері арқылы жазылуға болады.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы шешім қабылдап, алу құқығы мен қолжетімді соманың бар екеніне көз жеткізіп, салымшы (алушы) Уәкілетті операторға жүгінуі тиіс. Уәкілетті оператор уәкілетті оператордың веб-сайты арқылы құжаттарды қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Уәкілетті оператор тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері үшін арнайы шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асырады.

БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған арнайы шотқа қаражатты аударуды жүзеге асырады.

 

 

Дата публикации
16 апреля 2021
Дата обновления
16 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы