Нұра ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Мешітбай Жұмановтың төрағалығымен, мемлекетті қызметшілердің өз қызметінде Әдеп кодексінің талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін жан-жақты қарастырып, оның орындалуы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн бейнеконференция өтті.
Бейнеконференцияға Нұра ауданының Нұра кентінің әкімі М.Тұраров, Нұра ауданы Соналы ауылының әкімі А. Сарсекеева және Нұра ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Батырбеков және аталған мемлекеттік мекемелерінің қызметшілері қатысты.
Бейнеконференция барысында М.Жұманов күн тәртібіндегі - Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы жайлы, 2-ші мәселе - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпаратты баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Нұра ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Батырбеков өзінің туындаған сұрағын қойып, Әдеп жөніндегі уәкіл М. Жұманов қанағаттанарлық жауап ұсынды.
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сарыарқа адалдық алаңы» жобасы, оның ішінде «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы іске асырылуда. Картаның көмегімен мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарға қанша қаражат жұмсалғанын білуге болады. Жоба ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді. Басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Бейнеконференция қорытындысында тақырыптар бойынша тиісті тұжырымдамалар жасалынып, тиісті тапсырмалар берілді.