«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында аудан әкімдігі азаматтарды қабылдау іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығының, Мансап орталығының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің өкілдері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бас инспектор, сондай-ақ адвокаттар қатысты.
Акция барысында аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, заңнама нормалары бойынша және өзекті мәселелерге қатысты құқықтық консультациялар берілді. Азаматтардың барлық өтініштері жеке тәртіппен қаралып, қойылған сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.