Меню

Страницы

Статья

Нұра ауданында Мемлекеттік органдар қызметінде цифрлық құралдарды енгізу мәселелері: процестердің ашықтығын арттыру, рәсімдерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндіктерін азайту бойынша дөңгелек үстел

          2026 жылғы 28 сәуірде Нұра ауданы аудандық әкімдік ғимаратында «Мемлекеттік органдар қызметінде цифрлық құралдарды енгізу мәселелері: процестердің ашықтығын арттыру, рәсімдерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндіктерін азайту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстел жұмысына:

         - аудан әкімі аппаратының өкілдері;

         - әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен мамандары (экономика және қаржы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік бөлімдері);

         - құқық қорғау органдарының өкілдері;

         - ведомстволық бағынысты ұйымдардың (КМҚК, КММ) өкілдері;

қоғамдық кеңес өкілдері;

         - бизнес қауымдастығы;

         - өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.

         Іс-шара аясында келесі мақсатты топтар қамтылды:

         - аудан деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілер;

         - квазимемлекеттік сектор субъектілері;

         - кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері;

         - азаматтық қоғам институттары;

         Дөңгелек үстел барысында:

         - мемлекеттік басқару процестеріне цифрлық шешімдерді енгізу;

         - eGov және eOtinish сияқты электрондық платформаларды пайдалану;

         - мемлекеттік қызметтер мен рәсімдерді цифрландыру;

         - жер қатынастары мен мемлекеттік сатып алулар саласындағы ашықтықты арттыру;

         - шешім қабылдау кезінде адами фактордың ықпалын азайту;

         - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды.

         Цифрлық құралдарды іс жүзінде енгізу барысында туындайтын проблемалық мәселелерге, сондай-ақ процестерді одан әрі автоматтандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

         Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша:

         - цифрландырудың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралы ретіндегі маңыздылығы атап өтілді;

         - ауданның мемлекеттік органдары қызметіне цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді;

         - цифрландырудың басым бағыттары айқындалды, оның ішінде:

         - жер қатынастары саласы;

         - мемлекеттік сатып алулар;

         - азаматтардың өтініштерімен жұмыс;

         - электрондық жүйелерді міндетті түрде пайдалану және бейресми рәсімдерден бас тарту қажеттігі атап өтілді;

         - мемлекеттік органдар, қадағалау құрылымдары және қоғам арасындағы өзара іс-қимыл нығайтылды.

         Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында:

         - толық электрондық құжат айналымына көшу;

         - цифрлық жүйелерден тыс ауызша тапсырмалар беру тәжірибесін болдырмау;

         - азаматтардың барлық өтініштерін цифрлық платформалар арқылы міндетті тіркеу;

         - қабылданған шешімдер мен нәтижелердің ашықтығын қамтамасыз ету;

         - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарын жалғастыру;

         - халық пен кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру ұсынылды.

         Аталған іс-шараны өткізу қатысушылардың цифрландыру мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірыңғай тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік берді.

         Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жалғасын табатын болады.

Дата публикации
29 апреля 2026
Дата обновления
29 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы