Нұра аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күні аясында «Кәсібилік пен алқалық» тақырыбында №539 учаскелік сайлау комиссиясымен іс-шара өткізді.
Аталған учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 1 наурызға тағайындалған Құланөтпес ауылының әкімі сайлау науқанына тартылған.
Іс-шара барысында сайлау процесін ұйымдастырудағы кәсібилік, алқалық шешім қабылдау, заңдылықты сақтау және сайлау комиссиялары мүшелерінің жауапкершілігі мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға және сайлау науқандарын жоғары деңгейде өткізуге ықпал етеді.