Меню

Страницы

Статья

«JasDauys & Депутат: Ашық диалог» – жастар мен билік арасындағы еркін пікір алаңы

Нұра ауданында жас сайлаушылардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен «JasDauys & Депутат: Ашық диалог» атты іс-шара жас сайлаушылар клубы «JasDauys» мүшелерін аудандық мәслихат депутаттарымен бір алаңда тоғыстырды.

Кездесуге Нұра аудандық мәслихатының депутаттары – Жүнісбеков Қуаныш Өміржанұлы, Пронин Игорь Юрьевич, Культаев Ғалымжан Жақсылықұлы арнайы шақырылды. Ал іс-шараны Нұра аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Уатай Данияр Оразұлы модератор ретінде жүргізді.

Кездесу ашық диалог, сұрақ-жауап форматында өтті. Ашылу сөзінде модератор жастардың бұл алаңға жай ғана тыңдаушы ретінде емес, болашақта ел тағдырына әсер ететін белсенді азаматтар ретінде жиналғанын атап өтті. Жас сайлаушылар клубының мүшелері – ертеңгі сайлаушылар, қоғамдық пікір қалыптастырушылар, тіпті болашақ депутаттар екені ерекше айтылды.

Іс-шара барысында депутаттар өздерінің өмірлік және кәсіби жолдары туралы айтып, депутат болу шешіміне не түрткі болғанын, халықпен жұмыс істеудегі басты қағидаттарын бөлісті. Жастарды толғандырған «депутат нақты немен айналысады?», «қоғаммен байланыс қалай жүзеге асады?» деген сұрақтарға нақты мысалдар арқылы жауап берілді.

Диалогтың келесі бөлімдері білім мен мамандық таңдауы, жеке даму, спорт пен өзін-өзі тәрбиелеу тақырыптарына арналды. Депутаттар мектеп пен студенттік кезеңде дұрыс бағыт таңдаудың, тәртіп пен табандылықтың маңызын атап өтіп, спорттың мінез қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.

Кездесудің негізгі, мәнді бөлігі – «Жеке жол, болашақ және азаматтық ұстаным» тақырыбы болды. Бұл бөлімде жастардың сайлау мәдениеті, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық процестерге қатысуы сөз болды. Депутаттар жас буынды бейжай болмауға, өз пікірін ашық айтуға, ел өміріне белсенді араласуға шақырды.

Кездесу соңында депутаттар жастарға ізгі тілектерін білдіріп, білімді, жауапты әрі белсенді азамат болуға үндеді. Ал модератор қонақтарға ашық әрі шынайы әңгіме үшін, жастарға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс айтты.

«JasDauys & Депутат: Ашық диалог» – жастар мен билік арасындағы сенім мен өзара түсіністі нығайтқан, жас буынның азаматтық санасын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды кездесу болды.

 

Дата публикации
02 февраля 2026
Дата обновления
02 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы