Нұра ауданының аумақтық референдум комиссиясының дауыс берудің басталуы мен аяқталуының өзге уақытын белгілеу туралы №12 ШЕШІМІ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабының 1-тармағының сәйкес және Шұбаркөл кенті әкімінің қолдаухаты негізінде Нұра ауданы референдум комиссиясы ШЕШТІ:

Дауыс берудің басталуы мен аяқталуын белгілеу (жергілікті уақыт):

  1. Нұра ауданы Шұбаркөл кентінің № 650 референдум учаскесінде сағат 06-00 - ден 20-00-ге дейін.
  2. Дауыс берудің басталу және аяқталу уақытының өзгеруі туралы сайлаушылардың назарына жеткізілсін.
  3. Осы шешімнің көшірмесін облыстық референдум комиссиясына және учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін.

 

 

Нұра ауданының аумақтық референдум комиссиясы

 

2023 жылғы 4 наурыз

Дата публикации
06 марта 2026