Азамат тұратын жері өзгерген кезде басқа референдум учаскесінде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін ала алады
Есептен шығару куәлігін 27 ақпаннан бастап алуға болады.
Есептен шығару куәлігін беру 14 наурызда сағат 18.00-де тоқтатылады.
1.Дауыс беру кезінде азамат есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатын ұсынады (электрондық нұсқасын да көрсете алады)
2.Учаскелік референдум комиссиясы азаматты республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізеді және дауыс беруге арналған бюллетень береді
3.Есептен шығару куәлігі бір рет пайдаланылады және азамат дауыс берген
учаскеде қалады
Жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекен ішіндегі басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді.
Открепительное удостоверение не выдается гражданам, желающим участвовать в голосовании на другом участке в пределах одного населенного пункта.