Барлық азаматтар үшін референдумға қатысуға тең жағдайлар жасау

Аудандық сайлау комиссиясының маңызды міндеттерінің бірі - барлық азаматтар, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар үшін референдумға қатысуға тең жағдайлар жасау. Сондықтан сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сәйкес кедергісіз орта қамтамасыз етілген.

Нұра ауданының аумағында мүгедектігі бар сайлаушылардың саны - 182 адам (20 учаскеге бекітілген), олардың ішінде:

арба пайдаланатындар – 20 адам (14 учаскеге бекітілген:
Н
ұра (4), Байтуған, Қарой, Көбетей, Ахмет, Тассуат, Заречное, Жараспай, Жанбобек, Қуланұтпес, Шұбаркөл)

есту мүгедектері – 19 адам (8 учаскеге бекітілген:
Н
ұра (4), Ахмет, Кертінді, Мыңбаев, Жанбөбек)

көз мүгедектері – 143 адам (17 учаскеге бекітілген:
Нура (4), Байтуған, Көбетей, Ахмет, Шахтер, Кертінді, Алғабас, Қайнар, Мы
ңбаев, Тассуат, Заречное, Жанбөбек, Құланөтпес, Шұбаркөл)

Сайлау бөлмелері модернизациядан өтті.

Сайлау бөлмелерінде 21 учаскеде пандустар орнатылған (61,8%). Қалған жағдайларда пандус қажет емес, өйткені ғимаратқа кіруге кедергілер жоқ (жер деңгейінде кіру және төменгі табандар).

32 учаскеде тактильді белгілер орнатылған (94,1%, көз мүгедектері үшін толық қамту).

Көзі нашар көретін азаматтар үшін сайлау учаскелерін аудио қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады: дауыс беру тәртібін түсіндіретін аудиоматериалдар пайдаланылады.

Барлық учаскелерде дауыс берушілердің құпия дауыс беру үшін кабиналары, сондай-ақ, қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған қатысушылар үшін, соның ішінде арба пайдаланатын азаматтар үшін қол жетімділікті қамтамасыз ететін жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар тұлғалар үшін арнайы бұрыштар жабдықталған.

Барлық сайлау учаскелері бірінші қабатта орналасқан.

Референдумға қатысушылар үшін мүгедектігі бар азаматтардың қолжетімділігін анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар «Қолжетімділік интерактивті картасы» бағдарламасына барлық 34 референдум учаскесін енгізді.

Мүгедектігі бар азаматтарға инватакси қызметтерін (1 көлік) қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылған. Барлық комиссия мүшелері ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара әрекет ету бойынша нұсқаулықтан өтті.

Біздің міндетіміз - тек қана заңнама талаптарын сақтау емес, сонымен қатар әрбір сайлаушыға құрметпен қарау, олардың Конституциялық дауыс беру құқығын жүзеге асыру үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасау.

 

Референдум комиссиясы төрағасының орынбасары

Билинец Наталия Владимировна

Дата публикации
03 марта 2026