2026 жылғы 01 наурызда Нұра ауданының Құланөтпес ауылының әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 147 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 105 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Нұра ауданының Құланөтпес ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Шет аудандық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алиби Айтпайұлы Алькеновке – 82 сайлаушы дауыс берді;
Ансаб Қанатұлы Қабдуллаевқа – 6 сайлаушы дауыс берді;
Нұрхан Нұржанұы Темировқа – 7 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.
Сайлау қорытындысы бойынша Нұра ауданының Құланөтпес ауылының әкімі болып 1991 ж. туған, «Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімінің аппараты» ММ, ауыл әкімі, Құланөтпес ауылының тұрғыны Алиби Айтпайұлы Алькенов сайланды.
Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы