Нұра кенті 10 ақпан 2026 жыл
Басталды: 10 сағат 22 минут Аяқталды: 10 сағат 27 минут
Конкурстық комиссия:
Комиссия мүшелері:
Конкурсқа шығарылған жер учаскесі орналасқан аумақтың кенті, ауылы, ауылдық округі әкімдері:
Баршын ауылы – Сарин Зейнгабиден Түсіпұлы
Конкурсқа шығарылған жер учаскесі орналасқан тиісті кент, ауыл, ауылдық округ аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысында делегат ретінде сайланған жергілікті тұрғындар өкілдері:
Баршын ауылы – Амантаев Сағи Булатұлы
Қорытынды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес шығарылады.
Комиссия төрағасы Теміров Қ.М. сөз сөйлеп, комиссия Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес Баршин ауылдық округі, Нұра ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетінін хабарлады.
– Конкурсты өткізу барысында аудио және бейнежазба жүргізіліп, Нұра ауданының жер қатынастары бөлімінің YouTube арнасында онлайн режимде тікелей көрсетіледі.
Конкурсқа барлығы 31 жер учаскесі шығарылып, қатысуға 38 өтінім түсті.
Нұра аудандық жер комиссиясы аудан әкімдігінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №28/06 қаулысымен құрылып, аудан мәслихатының 2025 жылғы 11 шілдедегі №171 шешімімен бекітілген.
Жер комиссиясының 13 мүшесінің 9-ы қатысып отыр.
Қатыспағаны – жоғарыда аталған 4 комиссия мүшесі.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 13-тармағына сәйкес:
«Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткізіледі».
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес:
«Жер комиссиясының отырысы оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі. Бұл ретте қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен және өзге де салалық үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері құрауы тиіс».
Алайда, бүгінгі отырысқа қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің ішінде қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен және өзге де салалық үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны қатысып отырған мүшелердің жалпы санының елу пайызынан аз.
Осыған байланысты комиссия төрағасы конкурсты тоқтату туралы ұсынысты дауысқа қойды. Конкурсты қайта өткізу туралы қосымша хабарланатын болады.
– Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.
Шешім:
Баршин ауылдық округі бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс тоқтатылсын.
Комиссия төрағасы Қ.М. Теміров
Комиссия хатшысы Б.С. Серикова