Нұра аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармағына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысымен Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімін сайлау 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалғаны туралы хабарлайды.
Ұсыну мерзімі: 2026 жылдың 22 қаңтарынан басталып, 2026 жылдың 3 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 8 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Үгіт мерзімі: 2026 жылдың 8 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 28 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Нұра аудандық сайлау комиссиясының мекенжайы: Нұра кенті, Жауынгер интернационалистер көшесі, 70.
Телефон: 87214421326