Қарағанды облысы Нұра ауданы
Құланөтпес ауылы әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармағына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысы Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарағанды облысы Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімін сайлау 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалсын;
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 22 қаңтардан 3 ақпанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 8 ақпанға дейін белгіленсін;
- Қарағанды облысы Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін;
- Осы қаулы Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық газетте жариялансын.
Аумақтықсайлау
комиссиясының төрағасы Д. Уатай
Аумақтықсайлау
комиссиясының хатшысы А. Жанайдар