2025 жылғы 02 қарашада Нұра ауданының Көбетей ауылдық округінің және Изенді ауылы әкімін сайлау өтті.
Изенді ауылы әкімінің сайлауы
Изенді ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 297 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 187 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 33 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Нұра ауданының Изенді ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Нұра аудандық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Айтжан Жандос Атымтайұлына – 11 сайлаушы дауыс берді;
Бикенов Хайдар Мейркасымовичке – 143 сайлаушы дауыс берді;
Дюсекеева Роза Айтпаевнаға – 13 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.
Сайлау қорытындысы бойынша Нұра ауданының Изенді ауылы әкімі болып 1977 ж. туған, Астана қаласында тіркелген Бикенов Хайдар Мейркасымович сайланды.
Көбетей ауылдық округі әкімінің сайлауы
Көбетей ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 802 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 291 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 33 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Нұра ауданының Көбетей ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Нұра аудандық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Амирбеков Бакытжан Базыкеновичқа – 237 сайлаушы дауыс берді;
Егембаев Данияр Ораловичқа – 17 сайлаушы дауыс берді;
Касимова Айгерим Жангарбаевнаға – 56 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 10.
Сайлау қорытындысы бойынша Нұра ауданының Көбетей ауылдық округінің әкімі болып 1967 ж. туған, Нұра ауданы, Байтуған ауылы тұрғыны Амирбеков Бакытжан Базыкенович сайланды.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы