Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылдық округі, Изенді ауылдары әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14 бабының 8-1) тармағына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қарағанды облысы Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылдық округі, Изенді ауылдары әкімдерін сайлау 2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 25 қыркүйектен 7 қазанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 12 қазанға дейін белгіленсін;
  3. Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылдық округі, Изенді ауылдары әкімдерін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Осы қаулы Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтықсайлау

комиссиясының төрағасы                                                Д. Уатай

 

Аумақтықсайлау

комиссиясының хатшысы                                                         А. Жанайдар

Нұра аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 24.09.2025 жылғы №4 Қаулысы
Дата публикации
24 сентября 2025