2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалған Қарағанды облысы Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі, Изенді ауылы әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

1. Көбетей ауылдық округі, Изенді ауылы әкімдерінің (бұдан әрі – әкімддері) сайлауын тағайындау

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

24 қыркүйек 2025 жыл                                       (113-1-б. 1, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен Нұра аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 4 қазаннан кешіктірмей        (22-б. 3-т)

 

3. Нұра аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 4 қазаннан кешіктірмей                (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау     

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 9 қазаннан кешіктірмей        

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Нұра ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2025 жылғы 9 қазаннан кешіктірмей             (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылы 25 қыркүйектен басталып 2025 жылы 7 қазанда жергілікті сағат 18.00 де аяқталады                    (113-3-б. 5-т.)

 

7.  Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-б., 4т, 113-2.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде                                              (113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті 2025 қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылғы 1 қыркүйекке)

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылы 12 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00 де аяқталады

(113-5-б)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Нұра ауданының әкімдігі және Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылы 12 қазан жергілікті сағат 18.00 ден кейін басталып 2025 жылы 1 қараша жергілікті сағат нольге дейін

                                                                              (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Нұра ауданының әкімдігі және Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы  

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Нұра ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылы 12 қазанға дейін

 (24-б. 5-т.)

 

20. №520, №540 сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

№520, №540 учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылы 17 қазаннан бастап

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

№520, №540 учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылы 23 қазан дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 30 қазаннан бұрын емес және 1 қарашадан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

№520, №540 учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылы 2 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

№520, №540 учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

№520, №540 учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

№520, №540 учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

№520, №540 учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылы 5 қараша кешіктірмей

 (113-10-б, 1т.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылы 8 қараша кешіктірмей

 (44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылы 8 қарашадан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Дата публикации
24 сентября 2025