Нұра аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Нұра аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармағына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 4 қаулысымен Нұра ауданы Көбетей ауылдық округі, Изенді ауылы әкімдерін сайлау 2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалғаны туралы хабарлайды.

Ұсыну мерзімі: 2025 жылдың 25 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 7 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 12 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Үгіт мерзімі: 2025 жылдың 12 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 1 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Нұра аудандық сайлау комиссиясының мекенжайы: Нұра кенті, Жауынгер интернационалистер көшесі, 70.

Телефон: 87214421326

Дата публикации
24 сентября 2025