Қарағанды облысы Нұра ауданы ауыл, кент, ауылдық округтері әкіміне Нұра аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындылары бойынша ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 14 қыркүйекте Қарағанды облысы Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Нұра аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 589 азамат енгізілді, олардың 377-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер - 25, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған -15.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бексултанов Аскар Аманжукеевич – 22

Жангарашов Медет Каиркенович – 26

Зейнікен Шерхан Айтбайұлы – 289

Байтуған ауылдық округі әкімі болып Зейнікен Шерхан Айтбайұлы сайланды, 1989 жылы туған, Астана қаласында тұрады.

 

Нұра аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 сентября 2025