2025 жылғы 19 тамызда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы шешім қабылданды.
Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.
2025 жылғы 7 тамыздан 19 тамыз аралығында Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі әкіміне 4 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 3. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 4 ер адам.
Кандидаттардың орташа жасы 35 жас. Ең жас үміткер 31 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас 36 жас.
Мамандықтар бойынша: 1 – есеп және аудит, 1 – жергілікті мемлекеттік басқару,
1 – қаржы, 1 – мал дәрігері.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 – мемлекеттік қызметші, 1 – уақытша жұмыссыз, 1 – бюджеттік ұйым қызметкері.
Қазіргі уақытта Байтуған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 24 тамызға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ