Нұра аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармағына, 113-1 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 6 тамыздағы № 3 қаулысымен Нұра ауданы Байтуған ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалғаны туралы хабарлайды.
Ұсыну мерзімі: 2025 жылдың 7 тамызынан басталып, 2025 жылдың 19 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 24 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Үгіт мерзімі: 2025 жылдың 24 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 13 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Нұра аудандық сайлау комиссиясының мекенжайы: Нұра кенті, Жауынгер интернационалистер көшесі, 70.
Телефон: 87214421326