Жолаушылар мен багажды тұрақты ауыл ішіндегі автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қарағанды облысы Нұра ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар мен багажды ауылішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2025 жылдың 1 тамызда келесі мекенжай бойынша өтеді: Нұра ауданы, Нұра кенті, Талжанов көшесі, 5А.

Конкурсқа келесі маршрут пакеттері (маршруттар) ұсынылады:

№1 «Рахмет» дүкені – Орталық аудандық ауруханасы»

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер Қарағанды облысы Нұра ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мекенжайына конкурс құжаттарының жинағын алуға жазбаша өтінім береді: Нұра ауданы, Нұра кенті, Талжанов көшесі, 5А.

Конкурс құжаттарын алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 21 шілде.

2025 жылғы 7 шілдеде конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурсқа дейінгі конференция өткізеді.

Анықтамалар үшін келесі телефондарға хабарласыңыз: 8 (72144) 22 6 27.

Дата публикации
01 июля 2025