Нұра ауданының Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай, Қайнар, Қарой, Кертінді, Құланөтпес, Кәрім Мыңбаев атындағы, Шахтерское ауылдары әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2025 жылғы 27 мамырда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Нұра ауданының Жараспай, Қайнар, Қарой, Кертінді, Құланөтпес, Кәрім Мыңбаев атындағы, Шахтерское ауылдары әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы шешім қабылданды.

Нұра ауданының Жараспай, Қайнар, Қарой, Кертінді, Құланөтпес, Кәрім Мыңбаев атындағы, Шахтерское ауылдары әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.

2025 жылғы 15 мамырдан 27 мамыр аралығында Нұра ауданының Жараспай, Қайнар, Қарой, Кертінді, Құланөтпес, Кәрім Мыңбаев атындағы, Шахтерское ауылдары әкімдерінің сайлауы бойынша 24 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 7, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 17. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 14 ер адам және 10 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас. Ең жас үміткер 31 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 61 жас.

Мамандықтар бойынша: 9 – заңгер, 1 – агрономия, 2 – экономика, 6 – мұғалім, 1 – есеп және аудит, 1 – қаржы, 2 – мемлекеттік және жергілікті басқару, 1 – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, 1 – әлеуметтік жұмыс.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 20 – мемлекеттік қызметші, 4 – бюджеттік жұмысшы.

Қазіргі уақытта Жараспай, Қайнар, Қарой, Кертінді, Құланөтпес, Кәрім Мыңбаев атындағы, Шахтерское ауылдары әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 1 маусымға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

 

Дата публикации
27 мая 2025