ХАБАРЛАМАСЫ
Нұра аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Нұра аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен:
Нұра ауданының Жараспай ауылы;
Нұра ауданының Қайнар ауылы;
Нұра ауданының Қарой ауылы;
Нұра ауданының Кертінді ауылы;
Нұра ауданының Құланөтпес ауылы;
Нұра ауданының Кәрім Мыңбаев ауылы;
Нұра ауданының Шахтерское ауылы әкімдерін сайлау 2025 жылдың 22 маусымына тағайындалғанын хабарлайды.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы