Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы 2025 жылғы 12 мамырдан 19 маусымға дейін аралықта Нұра ауданының əкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ішкі сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мəселелермен байланысты cұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда, Сіз Нұра ауданының əкімінің аппаратына жүгіне аласыз.
Байланыс телефондары: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 8 (72144) 21-7-14.
«Нұра ауданы əкімінің аппараты» ММ