Қарағанды облысы Нұра ауданы ауыл, кент, ауылдық округтері әкіміне Нұра аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындылары бойынша ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 6 сәуірде Қарағанды облысы Нұра ауданы Егінді ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Нұра аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Нұра ауданының ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Егінді ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 560 азамат енгізілді, олардың 323-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер - 11, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған - 7.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бастенов Мурат Бейсекеевич – 262;

Ешім Елдар Омарұлы – 25;

Касимова Айгерим Жангарбаевна – 18.

Егінді ауылы әкімі болып Бастенов Мурат Бейсекеевич сайланды, 1968 жылы туған, Егінді ауылында тұрады.

Нұра аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 апреля 2025