Қарағанды облысы Нұра ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар мен багажды ауылішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2025 жылдың 5 мамырында келесі мекенжай бойынша өтеді: Нұра ауданы, Нұра кенті, Талжанов көшесі, 5А.
- Конкурсқа келесі маршрут пакеттері (маршруттар) ұсынылады:
№1 «Рахмет» дүкені – Орталық аудандық ауруханасы»
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер Қарағанды облысы Нұра ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мекенжайына конкурс құжаттарының жинағын алуға жазбаша өтінім береді: Нұра ауданы, Нұра кенті, Талжанов көшесі, 5А.
- Конкурс құжаттарын алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 21 сәуір.
- 2025 жылғы 10 сәуірде конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурсқа дейінгі конференция өткізеді.
- Анықтамалар үшін келесі телефондарға хабарласыңыз: 8 (72144) 22 6 27.