2025 жылғы 13 наурызда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Нұра ауданының Егінді ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Нұра ауданының Егінді ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.А. Ташев сөз сөйледі.
Нұра ауданының Егінді ауылы әкіміне тапсыған 3 кандидаттан – 3 кандидат тіркелді. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 2. Тіркелген үміткерлердің ішінде 2 ер адам және 1 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 39 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 56 жас.
Мамандықтар бойынша: 2 – заңгерлер, 1 – агрономия.
16 наурыз сағат 18-00 ден бастап Нұра ауданының Егінді ауылы әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың ағымдағы жылғы 5 сәуірдің сағат 00.00-ге дейін созылатын сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар.
НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ