2025 жылғы 11 наурызда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Нұра ауданының Егінді ауылы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы шешім қабылданды.
Нұра ауданының Егінді ауылы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.
2025 жылғы 27 ақпаннан 11 наурыз аралығында Нұра ауданының Егінді ауылы әкіміне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 2 ер адам және 1 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 39 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 56 жас.
Мамандықтар бойынша: 2 – заңгер, 1 – агрономия.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 3 - мемлекеттік қызметші.
Қазіргі уақытта Егінді ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 16 наурызға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ