Жергілікті қауымдастық жиналысын өткізу туралы

Құрметті Нұра кентінің тұрғындары!

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 2 сәуірде сағат 10:00 Нұра кенті әкімі аппаратының ғимаратында өтетін жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырамыз. Күн тәртібінде Нұра кентінде атауы жоқ жаңадан бой көтерген 3 көшеге атау беру мәселесі қарастырылатынын хабарлаймыз.

Нұра кенті әкімінің аппараты

Дата публикации
06 марта 2025