Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 баптын 3 тармағына, 113-1 тармағына сәйкес Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 1 қаулысымен келесі әкімнің сайлауы 2025 жылғы 6 сәуірге тағайындалғаны туралы хабарлайды:
- Егінді ауылы әкімі.
Ұсыну мерзімі: 2025 жылдың 27 ақпаннан басталып, 2025 жылдың 11 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 16 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Үгіт мерзімі: 2025 жылдың 16 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 5 сәуір жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясының мекенжайы: Нұра кенті, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 70.
Телефон: 87214421084