Дауыс беру қорытындылары туралы хабарлама

Қарағанды облысы Нұра ауданы ауыл, кент, ауылдық округтері әкіміне

Нұра аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2024 жылғы 15 қыркүйекте Қарағанды облысы Нұра ауданы Шұбаркөл кенті әкімінің сайлауы өтті.

Нұра аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Нұра ауданының ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Шұбаркөл кенті әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 220 азамат енгізілді, олардың 157-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер жоқ, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған - 2.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Джазалиев Карим Салимович – 134;

Ешім Елдар Омарұлы – 9;

Мұсина Айжарқын Құсайынқызый – 12.

Шұбаркөл кенті әкімі болып Джазалиев Карим Салимович сайланды, 1963 жылы туған, Шұбаркөл кентінде тұрады.

 

 

Нұра аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

Сообщение об итогах голосования
Дата публикации
15 сентября 2024