2024 жылғы 23 тамызда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Нұра ауданының Шұбаркөл кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Нұра ауданының Шұбаркөл кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.А. Ташев сөз сөйледі.
Нұра ауданының Шұбаркөл кенті әкіміне тапсыған 3 кандидаттан – 3 кандидат тіркелді. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 2. Тіркелген үміткерлердің ішінде 2 ер адам және 1 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 39 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 61 жас.
Мамандықтар бойынша: 2 – заңгерлер, 1 – жергілікті мемлекеттік басқару.
25 тамыз сағат 18-00 ден бастап Нұра ауданының Шұбаркөл кенті әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың ағымдағы жылғы 14 қыркүйектің сағат 00.00-ге дейін созылатын сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар.
НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ