2024 жылғы 20 тамызда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Нұра ауданының Шұбаркөл кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы шешім қабылданды.
Нұра ауданының Шұбаркөл кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.
2024 жылғы 8-20 тамыз аралығында Нұра ауданының Шұбаркөл кенті әкіміне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 2 ер адам және 1 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 39 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 61 жас.
Мамандықтар бойынша: 2 – заңгер, 1 – жергілікті мемлекеттік басқару.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 - мемлекеттік қызметші, 1 – өзін-өзі жұмыспен қамтыған құжат ұсынды.
Қазіргі уақытта Шұбаркөл кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ