Сайлауды тағайындау туралы

Нұра  аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

Нұра аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Нұра аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 7 тамыздағы № 18 шешімімен Шұбаркөл кентінің әкімін сайлау 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалғаны туралы хабарлайды:

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 8 тамызынан басталып, 2024 жылдың 20 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2024 жылдың 25 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт мерзімі: 2024 жылдың 25 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 14 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Нұра аудандық сайлау комиссиясының мекенжайы: Нұра кенті, Талжанов көшесі, 5а.

Телефон: 87214421084.

Нұра аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 07 тамыздағы № 18 шешімі
Дата публикации
07 августа 2024