2021 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы есеп

2021 жылдың 4 тоқсанында жалпы 7196 қызмет көрсетілген, оның 321 мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 1711 қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1655 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 3509 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 1896қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 1616 қызмет көрсетілген.
Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Электрондық Үкімет веб порталын популяризациялау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

Дата публикации
01 августа 2024