2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебіне арналған аналитикалық анықтамасы
2022 жылы жалпы 9734 қызмет көрсетілген, оның мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде 0, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 242 қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1613 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 7879 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 3481 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 4398 қызмет.
Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған кезеңде 8 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактісі анықталды. Аталған факті бойынша 4 жауапты тұлға тиісті жауапкершілікке тартылды.
Электрондық Үкімет веб порталын насихатттау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 бас тарту орын алды.