2024 жылғы 9 маусымда Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылы және Байтуған ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Нұра ауданының ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 91 азамат енгізілді,олардың 82-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер жоқ, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған - 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Еримов Нариман Бауыржанович – 5;
Мұсина Айжарқын Құсайынқызый – 7;
Нуртаева Асемгуль Жаиковна– 63.
Талдысай ауылы әкімі болып Нуртаева Асемгуль Жаиковна сайланды, 1983 жылы туған, Талдысай ауылында тұрады.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 618 азамат енгізілді, олардың 494-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған – 3.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтжан Жандос Атымтайұлы – 31;
Ешім Елдар Омарұлы – 26;
Шаяхметов Изат Куандыкович – 419.
Көбетей ауылдық округі әкімі болып Шаяхметов Изат Куандыкович сайланды, 1989 жылы туған, Нұра кентінде тұрады.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы