Нұра ауданының ауылдар мен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы


Нұра ауданының ауылдар мен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 19 мамырда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды. 

Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.

Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне тапсыған 6 кандидаттан – 6 кандидат тіркелді. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 5. Тіркелген үміткерлердің ішінде 5 ер адам және 1 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы - 32 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 41 жас.

Мамандықтар бойынша: 5 – заңгерлер, 1 – жергілікті мемлекеттік басқару.

19 мамыр сағат 18-00ден бастап Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттардың ағымдағы жылғы 8 маусымда сағат 00.00-ге дейін созылатын сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар.

 

 

НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
20 мая 2024