Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2024 жылғы 14 мамырда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамаменаудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.

2024 жылғы 2-14 мамыр аралығында Нұра ауданының Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне 6 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен– 5. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 5 ер адам және 1 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы - 32 жас.Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 41 жас.

Мамандықтар бойынша: 5 – заңгерлер, 1 – жергілікті мемлекеттік басқару.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 6 мемлекеттік қызметші құжат ұсынды.

Қазіргі уақытта Байтуған ауылдық округі және Талдысай ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 19 мамырға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
15 мая 2024