2024 ж. 3 сәуір күні сағат 23.15-те Нұра өзенінің деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде Нұра кенті - Жараспай ауылы облыстық маңызы бар автомобиль жолы арқылы судың жүріп өту фактісі анықталды.



Қарой ауылы-Нұра кентінің жол учаскесінде (көпірдің алдында) толып кету ұзындығы 50 м, тереңдігі 20-25 см. орнында ескерту белгілері қойылды.

Жергілікті атқарушы органдарының кезекшілігі және полиция бөлімнің патрульдеуі ұйымдастырылды, қызмет көрсететін жол ұйымы толып кетуді жою бойынша инженерлік іс-шараларды жүзеге асыруда.

Су ағынының қарқындылығына байланысты жол қозғалысы жабылды❗️

Нұра кентіне қарай бағыт бойынша сапарларды жүзеге асырмауыңызды сұраймыз❗️

Дата публикации
04 апреля 2024