Нұра ауданының әкімімен кездесуде Мұзбел ауылының тұрғындары көтерген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат.
(1 тоқсан, 19 ақпан 2024 жыл)
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Орындалуы |
|
1 |
Колочавина Л. В. – Мұзбел ауылының тұрғыны: - Ауылдың ең өзекті мәселесі электржелілерінің тозығы және жел мен боран кезде жиі жарық өшіп тұрады. Сонымен қатар соңғы бораннан кейін ауылдың жартысында көше жарықтары жанбай тұр, не себептен? |
1) Электр қуатының жиі өшуі аудан бойынша үлкен проблема. Электр беру желілері тозған күйде, соның есебінен оларға жүктеме артады. Аудан бойынша КТП және электр беру жүйелері «Нұра КРЭК» жеке ұйымның филиалының балансында, мүмкіндігінше олар электр желілерін жөндеуді, КТП ауыстыруды жүзеге асырады.
Ауылдың көше шамдары бораннан кейін жөнделіп, қалыпқа келтірілді. |
Тұрақты |
КРЭК басшысы - Еримов С.М.
|
1) Орындалды; |
|
2 |
Колочавина Л. В. – Мұзбел ауылының тұрғыны: - Ауылдағы жедел жәрдем көлігінің техникалық жағдайы қанағаттандырмайды, өйткені ол көліктің тозығы жетіп тұр. |
1) Жедел-жәрдем көлігінің қажетті саймандары түгенделіп, аудандық орталық ауруханаға қызмет көрсететін механикпен бірлесіп жөнделетін болады |
Тұрақты |
Нұра аудандық орталық аурухана басшысы - Мазитов У.С. |
1) Орындалуда; Бақылауда |
|
3 |
Туфанова Е. Н. – Мұзбел ауылының тұрғыны: - Қаңғыбас иттер туралы сұрақ бар өйткені бұл мәселе қазір өте маңызды, бұл мәселені қалай шешуге болады? |
1)«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ Заңына сәйкес, тек айықпас ауру, агрессивті иттер деп танылғандарды ғана өлтіруге болады. Қалғандарының барлығы міндетті түрде зарарсыздандыруға жатады. Сонымен қатар осы заңға сәйкес үй жануарларын ұстау, серуендеу және есепке алу ережелері бар. Сондықтан әр жануардың иесі оларды тіркеп, қаңғытып қоймай күтіп ұстауға міндетті. |
Тұрақты |
«Нұра аудандық ветеринарлық бекет» КМК-ның басшысы - Алибеков Е.Н. |
1) Орындалуда; Бақылауда |