Назар аударыңыз!!!

Құрметті Нұра өзенінің бойында тұратын аудан тұрғындары! Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Самарқанд су қоймасынан су жіберу секундына 1210 текше метрге дейін және Ынтымақ су қоймасынан секундына 1000 текше метрге дейін ұлғайтылатынын хабарлаймыз.
Осы орайда, Сіздерден сақтық шараларын сақтауларыңызды, өзен арнасына жақындамауларыңызды, Нұра өзенінің маңайында үй жануарларын жаюға жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Елді мекендерді су басқан жағдайда эвакуациялау іс-шараларын жүргізу қажет, ол үшін құжаттар мен бірінші кезекте қажетті заттарды алу, сайлау учаскеңіз болып табылатын ауылдың эвакуациялық пунктіне бару және эвакуациялауды жүзеге асыру үшін жедел қызметтердің келуін күту қажет. Үйден шығар алдында электр қуатын және газ жабдықтарын өшіру қажет. Кез-келген төтенше жағдай кезінде сабырлы болып, сенімді әрекет ету керек!!!

Дата публикации
01 апреля 2024