Назар аударыңыздар!
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Еріген судың жолдан өтуіне және жол учаскесін бұзу жұмыстарына байланысты республикалық маңызы бар жолдар учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды:
-Балқаш қаласы Новостройка ауылындағы жол учаскесі;
-Қарағанды қаласы – Бастау ауылы тас жолының учаскесі;
-Бастау-Ақтау-Теміртау автожолының учаскесі.
Осыған байланысты біз барлық азаматтарды барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз! Жабық жол учаскелерімен жүруге қатаң тыйым салынады.
Барлық оқиғалар бойынша 112, 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласыңыздар!