Қарағанды облысы Нұра ауданы ауыл, кент, ауылдық округтері әкіміне
Нұра аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындысы бойынша
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 18 ақпан Қарағанды облысыНұра ауданы Мұзбел ауылы және Көбетей ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Нұрааудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Нұраауданының ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 429 азамат енгізілді,олардың 296-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 5, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған - 4.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бекмагамбетова Айнур Каримтаевна – 236;
Еримов Нариман Бауыржанович – 33;
Мұсина Айжарқын Құсайынқызый – 18.
Мұзбел ауылы әкімі болып Бекмагамбетова Айнур Каримтаевна сайланды, 1978 жылы туған, Мұзбел ауылында тұрады.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 863азамат енгізілді, олардың 267-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 19, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған - 34.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтжан Жандос Атымтайұлы – 17;
Сейткалиев Айтбай Шеруович – 179;
Шаяхметов Изат Куандыкович – 18.
Көбетей ауылдық округі әкімі болып Сейткалиев Айтбай Шеруович сайланды, 1972 жылы туған, Нұра кентінде тұрады.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы