«Нұра ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ- сі Б.Ысқақұлы атындағы Нұра ауданының орталық кітапханасының басшысы бос лауазымына
орналасуға конкурс жариялайды.
Мекеменің орналасқан жері: 100900 Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра кенті, Абай көшесі, 35 үй; Анықтама телефондары: 2-22-04, 79-0-29, «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ
-Негізгі бағыты: кітапхананың өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі кітапхана қорының сақталуын, толықтырылуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;кітапхана қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтайды; заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасасады және бұзады;бұйрықтар шығарады, сотта және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын және өзара тиімді әрекеттестігін ұйымдастырады, олардың қызметтерін кітапханалық қызмет көрсетуді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін тиімді пайдалану және дамыту, өмір сүру мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қолданады; ұжымдық шартты дайындауды, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, еңбек уәждемесінің, жұмыскерлер бастамалары мен белсенділігінің дамуына жағдай жасайды;кітапхана қызметіне қатысты мәселелерді шешеді, қызметтің жеке бағыттарын директор орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелер жетекшілеріне тапсырады.
- Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар:
- "қызмет көрсету" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру «Нұра Таңы» газетінде жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
«Нұра ауданың мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» ММ