Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 26 қаңтарда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.
Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне тапсыған 7 кандидаттан – 6 кандидат тіркелді. Оның ішінде саяси партиялардан – 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 4. Тіркелген үміткерлердің ішінде 4 ер адам және 2 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 36 жас. Ең жас үміткер 27 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 51 жас.
Мамандықтар бойынша: 4 – заңгерлер, 2 – жергілікті мемлекеттік басқару.
1 кандидатқа «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес біліктілік талаптарының сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
28 қаңтар сағат 18-ден бастап Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттардың ағымдағы жылғы 17 ақпанда сағат 00.00-ге дейін созылатын сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар.
НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ