Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2024 жылғы 23 қаңтарда Нұра аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Нұра ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.О. Уатай сөз сөйледі.

2024 жылғы 11-23 қаңтар аралығында Нұра ауданының Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне 7 кандидат құжат тапсығанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 5. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 4 ер адам және 3 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы - 36 жас. Ең жас үміткер 27 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 51 жас.

Мамандықтар бойынша: 5 – заңгерлер, 2 – жергілікті мемлекеттік басқару.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 7 мемлекеттік қызметші құжат ұсынды.

1 кандидатқа «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес біліктілік талаптарының сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.

Қазіргі уақытта Көбетей ауылдық округі және Мұзбел ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 28 қаңтарға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

НҰРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
23 января 2024