Нұра аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Нұра аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 баптын 3 тармағына, 113-1 тармағына сәйкес Нұра аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 3 шешімімен келесі әкімдердің сайлауы 2024 жылдың 18 ақпанға тағайындалғаны туралы хабарлайды:
- Көбетей ауылдық округі әкімінің;
- Мұзбел ауылы әкімінің.
Ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 11 қаңтарында басталып, 2024 жылдың 23 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2024 жылдың 28 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Үгіт мерзімі: 2024 жылдың 28 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 17 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Нұра аудандық сайлау комиссиясының мекенжайы: Нұра кенті, Талжанов көшесі, 5а.
Телефон: 87214421084