Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы  

   

                      Нұра кенті                                                                                                                поселок Нура

 

 


Табиғи сипаттағы төтенше

жағдайды жариялау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының  48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2023 жылғы 19 қарашадағы № 9 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары У.Т.Оспанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                     Б. Муканов

 

 

 

Дата публикации
20 ноября 2023