«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлердің құжаттарын қарастыру және әңгімелесуге жіберу бойынша конкурстық комиссияның 2023 жылғы 02 қарашадағы отырысының №1 хаттамасына сәйкес, конкурстық комиссияның шешімі.
Нұра ауданы Қарой ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы (1 бірлік, № 1-1, E-G-3 санаты, блок А) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстың нәтижесінде өтініш білдірген үміткерлер болмағандықтан жалпы конкурс жариялансын.